Тіркелу

Компанияның бағдарламалық шешімдерінің соңғы жаңартулары.

iPro Marketplace — 1.3.7 Нұсқасы
Жұма, 8 маусым 2018
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • платформада күнтізбелерді баптау функционалдылығы жаңартылды: Enter батырмасының көмегімен күнтізбеде күнді орнату барысында таңдалынған ай күні сақталады;
  • көшірмені құрудан бас тарту барысында iPro Marketplace платформасының жұмысы оңтайландырылды;
  • платформа бөлімдерінде компоненттердің жағдайын басқару функциясы реттелді;
  • сауда шотына қосу, баға белгілеулерін алу және кескінде барларды бейнелеу барысында платформаның сервермен әрекеттесу алгоритмі жетілдірілді.
 
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ
  • кескінде кейінге қалдырылған ордер модификациясы функциясы толықтырылған. «Ордерді түрлендіру» терезесінде ордерді ашу бағасынан, Take Profit және Stop Loss деңгейлерінен бөлек, «Көлем» параметрі түзету үшін қолжетімді, ол қаржы нарығындағы күрт өзгерістер жағдайында ресурстарды тиімді басқаруға мүмкіндік береді.
«Сауда» компоненті:
  • Trailing Stop функциясын пайдалану барысында мәнмәтіндік мәзір әрекеті реттелген.
«Индикаторлар» компоненті:
  • «Жою» батырмасының орналасуы өзгертілген: батырма қолданушы индикаторлары қосымша бетінен компоненттерді басқару элементтерінің панеліне ауыстырылған;
  • кескінге түсірілген индикаторлар үшін масштабтаудың артық функционалдылығы жойылған.
«Оқиғалар журналы» компоненті:
  • платформаның және оның көшірмелерінің күйлерін қосымша бақылауға арналған негізгі нұсқаның «Оқиғалар журналы» компонентінде iPro Marketplace көшірмесін құру, жабу және іске қосу туралы жазбалар қосылған;
  • «Нарықты шолу» компонентінде сигналдардың орнатылуы және іске қосылуы туралы жазбалардың көшірмеленуінен бас тартылған.
 
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ
  • кодпен жұмыс істеу қолайлы болуы үшін бірден екі функцияны шақыру — код үзінділерін іздеу және алмастыру — енді құрал-саймандар панеліндегі «Табу және ауыстыру» батырмасына бір рет басу арқылы немесе Ctrl+F жылдам клавиштерінің стандартты тіркесімін пайдалану барысында жүзеге асырылады;
  • архивтерді ондағы файлдарды алдын ала шешу қажеттілігінсіз платформаға жүктеу функционалдылығы жүзеге асырылған. Берілген толықтыру iPro Marketplace info ақпараттық порталында Code Base бөлімінен жүктелген архивтелген стратегиялар мен индикаторлар файлдарымен жұмы істеуді айтарлықтай жеңілдетеді;
  • файлдармен жұмыс істеу механизмі жетілдірілген: өзгерістерді автоматты түрде сақтау жаңа функциясының арқасында деректердің бүтіндігі мен өзектілігін ұстап тұру қамтамасыз етіледі. Автосақтау баптаулары «Сақтау / Жүктеу» батырмасына басу барысында құрал-саймандар панелінде қолжетімді.
«Код редакторы» компоненті:
  • бағдарламаны жинау алгоритмі жақсартылған: кодта басқа файлдарға сілтемелер бар болған жағдайда, берілген файлдардағы өзгерістер жинау процесі кезінде автоматты түрде сақталады;
  • код үзіндісін компоненттен тыс тасымалдау әрекеті барысында платформада жүйелік процестер мінетіледі;
  • компоненттің мәнмәтіндік мәзірі шектелген;
  • компонентте бір уақытта коды бар 32 қосымша бет ашық болған кезде, платформаны іске қосу процесі қалыптандырылған.
 
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
  • стратегияны немесе индикаторды тестілеу процесінде Print() әдісі көмегімен «Т: Оқиғалар журналы» компонентіне хабарламаларды жазу кезінде платформа ресурстарын пайдалану оңтайландырылған.
«Т: График» компоненті:
  • Ask бағалары бойынша кескінді құрастыру барысында тик генераторының өнімділігі жоғарылаған;
  • стратегияны немесе индикаторды тестілеуді қайта іске қосу барысында валюталық жұпты қолдану алгоритмі жақсартылған;
  • кескін суретін сақтау және басып шығару қателері жойылған.
iPro Marketplace — 1.3.6 Нұсқасы
Жұма, 23 наурыз 2018
SEND REPORT БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ ҚОСУ

iPro Marketplace базалық жеткізілім релизінің ағымдағы нұсқасына өңделуіне сауда-талдау платформасының өңделуімен бірге орын алатын Send Report бағдарламасы кірді. Берілген бағдарламаны енгізу Техникалық қолдау қызметі мен пайдаланушылардың тиімді өзара әрекеттесуін реттеуге мүмкіндік беретін болады, бұл қателер орын алған кезде жауап қайтару жеделдігін жоғарылатады, сонымен бірге функционалды міндеттерді шешу мен сауда-талдау платформасының жұмысын ретке келтіруді жылдамдатады.

Send Report бағдарламасын іске қосқан кезде мыналар орын алады:

  • iPro Marketplace мен оның қоршаған ортасының жағдайын толық бағалау;
  • талдау үшін қажетті ақпаратты жинау;
  • алынған мәліметтерді оларды әрі қарай өңдеуге жіберу.

Send Report бағдарламасы мүлде қауіпсіз және басқа қосымшалардың жұмысына әсер етпейді. Жақын уақытта iPro Marketplace info ақпараттық-анықтамалық сайтында орналастырылатын бағдарламаны пайдалану бойынша нұсқаулықпен танысуға болады.

1.3.6 нұсқасына iPro Marketplace сауда-талдау платформасының ағымдағы бөлімдерінің мына жөндеулері кірді:

ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • платформадағы күнтізбелердің функционалдылығы жақсартылған: «Алға»/«Артқа» батырмаларының көмегімен жылжыту кезінде күнтізбенің жоғарғы өрісінде күнді автоматты түрде жаңарту жүзеге асырылған және күнтізбеде ағымдағы күнді жылдам таңдау үшін «Бүгін» батырмасы қосылған. Соңына дейін жасалған функционалдылық сауда есептемесін көрсету үшін және стратегияны/индикаторды тестілеу үшін, сонымен бірге кейінге қалдырылған ордерді қалыптастыру кезінде «Мерзімі өту» өрісінде күнді орнату үшін аралықты баптауды ыңғайлырақ етеді;
  • iPro Marketplace жұмыс кеңістігінің көшірмесін қалыптастыру кезінде Windows ОЖ кейбір нұсқаларында пайда болатын қателік жойылды.

iPA-Басқарушылар шоттары үшін «Пунктермен көрсетілген баланс» параметрін есептеуге өзгерістер енгізілді:

  1. Теңгерім мәні iPА аралықта орындалған келісімдер негізінде есептелінеді, яғни соңғы 4 сауда аптасы (20 сауда күні).
  2. Теңгерім мәні әрбір жасалған келісімнен қайта есептелінеді, бірақ есептеуге әрбір қаржылық құрал бойынша соңғы 100-ден артық емес келісім қабылданады.
  3. Теңгерім мәні iPА аралықты жылжытумен бір уақытта UTC бойынша 00:00-де әрбір тәулікте жаңартылады.
«НАРЫҚТЫ ТАЛДАУ» ЖӘНЕ «АТС БАСҚАРУ» БӨЛІМДЕРІ

«График» компоненті:
  • секцияға бірдей индикаторды қайталап қосқан кезде Aroon, Money Flow Index және Williams’ Percent Range индикаторларының деңгейлерін көрсету түзетілген;
  • «Стратегияларды әзірлеу» бөліміндегі базалық индикаторлар негізінде әзірленген пайдаланушылық индикаторларды тұрғызу ретке келтірілген.
«САУДА ЕСЕПТЕМЕЛЕРІ» БӨЛІМІ
  • сауда қызметі бойынша есептемесі бар файлды сақтаған кездегі жүйелік процесстер ретке келтірілген.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

«Код редакторы» компоненті:
  • стратегия немесе индикаторды әзірлеу кезінде уақытта үнемдеу үшін қосымша парақты жабу алгоритмі оңтайландырылған: қосымша парақты жабу туралы ескерту қосымша парақта сақталмаған өзгерістер бар болған жағдайда ғана пайда болады.
iPro Marketplace — 1.3.5 Нұсқасы
Сәрсенбі, 3 қаңтар 2018
iPRO MARKETPLACE ЖҰМЫС КЕҢІСТІГІНІҢ КӨШІРМЕСІ

iPro Marketplace жаңартылған нұсқасында бір уақытта бірнеше шотта сауда позицияларын қолмен және автоматты басқару тұжырымдамасы іске асырылған. iPro Marketplace жұмыс кеңістігінің көшірмесін құрудың жаңа арнайы функциясының арқасында екі және одан көп шоттарда сауда операцияларын жүргізетін трейдер алдында тұратын міндеттердің көпшілігін қолайлы және қауіпсіз шешуге болады.

Қосымша авторланусыз іске қосу

Платформа «Нарықты саралау», «Сауда есептемелері» және «АСС Басқару» бөлімдерінің үйреншікті интерфейсімен 3 көшірме құруды қолдайды. Негізгі теңшеулерді таңдаумен қосымша авторланусыз көшірмені іске қосудың қарапайым және түсінікті үдерісі жүйенің ресурстарын оңтайлы пайдалануды қамтамасыз етеді, сондай-ақ негізгі нұсқаның деректері мен оның көшірмелерін барлық қауіпсіздік талаптарын сақтаумен ықпалдастыруға қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Сауда операцияларын синхрондау

Барлық сауда операциялары көшірме мен негізгі нұсқа арасында синхронданады, осылайша бір уақытта бірнеше шотта да, бір шотта да, бірақ iPro Marketplace әр түрлі жұмыс кеңістіктерінде сауда жүргізу қол жетімді болады.

Теңшеулерді дербестендіру

Стиль, тіл және оқиға туралы дыбыстық хабарламалар сияқты теңшеулер көшірмелерге негізгі нұсқадан мұраға беріледі. Сонда көшірмелер дербестендіруден шет қалған жоқ: компоненттердің орналасуы, кестелер мен графиктердің түрін әр көшірме үшін жеке теңшеуге болады, ал кейбір элементтер үшін орнатылатын арнайы түс қажетті жұмыс кеңістігін тез және оңай сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

Елеулі артықшылықтар

Технологиялардың қарқынды дамуы жағдайында сауда-аналитикалық платформаның жаңа функциясы пайдаланушыларға қойылған мақсаттар мен жоғары сауда нәтижелеріне қол жеткізу үшін одан да көбірек мүмкіндік береді.

1.3.5 нұсқасына iPro Marketplace сауда-талдау платформасының ағымдағы бөлімдерінің мына жөндеулері кірді:
 
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • компьютерді бұғаттау кезінде бағдарлама жұмысының тұрақтылығын қамтамасыз еткен жүйелі процестер оңтайландырылған.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ

«Индикаторлар» компоненті:
  • «График» компонентінде пайдаланушы индикаторларын көрсетуді ретке келтіру жүргізілді;
  • платформа терезесінің көлемін азайту кезінде «Қасиеттер» блогын көрсету оңтайландырылған.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ
  • шотты алмастыру кезінде жұмысты тоқтату алгоритмі жөнделген.
«Индикаторлар» компоненті:
  • автоматты стратегия жұмыс істеген кезде стратегия кодында жазылған индикаторларды басқару функциясы ретке келтірілген.
«САУДА ЕСЕПТЕМЕЛЕРІ» БӨЛІМІ
  • сервермен байланыс болмаған кезде қалыптастырылған есептер үшін есеп әзірленген шот нөмірін көрсету қосылған.
«iPA сауда сапасы» компоненті:
  • «iPA-Басқарушы» шотында iPA аралығында келісімдер болмаған жағдайда көрсеткіштерді көрсету ретке келтірілген.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
  • тестілеу кезінде кейінге қалдырылған ордерлерді өңдеу процесіне өзгерістер енгізілді, бұл олардың белсенділік мерзімі өткеннен кейін кейінге қалдырылған ордерлерден бас тарту функциясын жақсартуға мүмкіндік берді;
  • тестіленген стратегия үшін валюталық жұп мәнінің сақталу функциясы ретке келтірілген.
Контекстік мәзір:
  • тестілеу кезінде «Ask бағалары кестесін көрсету» функциясының жұмысы ретке келтірілген.
«Т: Параметрлер» компоненті:
  • стратегия параметрлері мәндерін қайтару функциясы сауда-талдау платформасын қайта қосқан кезде, үнсіз келісім бойынша мәндерге оңтайландырылған.
«Т: График" компоненті:
  • тестілеу кезінде баға белгілеу кестесінен техникалық талдау құралын жоюдың жүйелі механизмі түзетілген;
  • тестілеуді қайталап іске қосу кезінде бірнеше индикаторлармен жұмыс істеу логикасы жақсартылған — «Индикаторды көрсету үшін секцияны таңдау» терезесі индикаторларды кестесеге бірінші рет енгізген кезде ғана пайда болады.
iPro Marketplace — 1.3.4 Нұсқасы
Сейсенбі, 27 маусым 2017
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • таңдалған компоненттің стандартты функцияларына тез жету үшін контекстік мәзірді шақыру мүмкіндігі қосылды. Бұл қосымша сауда-сараптамалық платформаның ресурстарын кеңейтеді және компоненттермен қарым-қатынасты ыңғайлы және оңай түсінікті етеді. Осының арқасында қаржы нарығында сауда қызметін жасау сапасы жалпы артады;
  • монитордың экранының жоғары ажыратымдылығы кезінде жұмыс аймағының төменгі жағындағы компоненттердің биіктігін басқару енгізілді.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ

«Сауда» компоненті:
  • сервермен байланыс болмаған кездегі ашық позицияларды өңдеу құралдары енгізілді: ашық позициялардың параметрлері, сонымен қатар баланс жолағындағы мәндер серверден интернет-байланыстың жоғалуына дейін алынған соңғы мәліметтерге сәйкес көрсетіледі. Позицияларды басқару серверге байланыс пайда болған кезде іске қосылады.
«Индикаторлар» компоненті:
  • Time Frame ай (MN) мәні орнатылғанда индикаторлардың көрсетілуі жөнделді;
  • Компьютердің «ұйқы» жағдайынан шыққан кезде басқа шотқа ауысқанда Pivot индикаторының қисық көрсетілуі кетірілді.
«Оқиғалар журналы» компоненті:
  • Компоненттің ең аз биіктігі кезінде «Бөлектелген хабарламаны көшіру» пернесінің орналасуы жөнделді.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ
  • Дереу және кейінге қалдырылған тапсырыстар үшін «Сауда» компонентінен ұяшықтарды графикке тасымалдау арқылы Stop Loss және Take Profit орнату функциясы жетілдірілді.
«АСС параметрлері» компоненті:
  • Компоненттің ең аз биіктігі кезінде «Параметрлердің жинақтары» блогының масштабтауы жақсартылды.
«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ

«iPA сауда сапасы» компоненті:
  • «Сауданың пайдалылығы», «Мәмілерді ұстап тұру уақыты» және «Сауда қарқындылығы» параметрлерінің деңгейлерінің көрсетілуі жақсартылды.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

«Код редакторы» компоненті:
  • Стратегия кодында жаңа параметрлермен индикаторды қайта есептеуге ReInit() әдісі қосылды. Сәйкесінше, «Стратегияларды сынау» және «АСС Басқару» бөлімдерінде стратегиялар жұмыс жасағанда индикаторлар мәндері жаңа параметрлерге сәйкесінше қайта есептеледі.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
  • нарықтық белсенділік болмаған кездері стратегияларды сынау функциялары үшін өзгерістер енгізілді;
  • Time Frame — M15, мәліметтерді модельдеу үлгісі — «Ашу бағалары бойынша» сынау параметрлерінде: Force Index және On Balance Volume индикаторларының көрсетілуі жақсартылды.
«Т: Сауда» компоненті:
  • ашық позициялардың кестесінің көрінісін реттеуге, сонымен қатар тапсырыстарды тез жабу немесе кетіруге басқару элементтері жинақтамасында пернелер қосылды;
  • жүйенің кейінге қалдырылған тапсырыстың жаңа емес бірінші ашылу бағасына байланысуы кетірілді, бұл өзгерткен кезде жүйелік қатеге әкелетін еді.
«Т: Параметрлер» компоненті:
  • Стратегияларды сынауды қайта қосар алдында «Т: Параметрлер» компонентінде өзгерістерді сақтау алгоритмі оңтайландырылды.
«Т: Баланс кестесі» компоненті:
  • Сынау кезінде компонент өлшемі өзгергенде баланс кестесінің салынуы жетілдірілді.
«СЫНАҚ ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ

«Баланс кестесі» компоненті:
  • Сынау мерзімінің дұрыс күндерінің көрсетілуі реттелді.
iPro Marketplace — 1.3.3 Нұсқасы
Сәрсенбі, 5 сәуір 2017
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • iPro Marketplace циклдік жаңарту мәселесі жөнделді;
  • жұмыс алаңының астынғы жағында көрсетілетін компоненттердің биіктігі оңтайландырылды, әдеттегі жағдайда бұл компоненттер ең аз биіктікпен көрсетіледі;
  • жағдай жолағында сауда шотын таңдағанда немесе өзгерткенде қайта куәландыру алынды.

iPA-Басқарушылар шоттары үшін жағдай жолағында көрсетілетін «Пунктермен керсетілген баланс» мәнінің есебі жөнделді. Қолданыстағы есептеу алгоритмі төменде көрсетілген:

  1. Барлық белсенді валюта жұптары үшін пунктермен баланс ортақ болады. Мән 4 сауда аптасы негізінде есептеледі (егер 4 сауда аптасы болатын мерзімде 100 мәмілелерден көп жасалса, соңғы 100 мәмілелер негізінде). Бұл санды есептеуде болдырылмаған кейінге қалдырылған тапсырыстарсыз барлық белсенді валюта жұптары бойынша орындалған мәмілелер ескеріледі.
  2. Бесінші сауда аптасында табысқа алынған пунктер баланстың бұрын есептелген мәніне қосылады.
  3. Әрбір бесінші апта біткесін баланс пунктпен қайта есептеледі және 1 тармақта сипатталған ереже бойынша есептелген мән қалады.
«НАРЫҚТЫ САРАЛАУ» БӨЛІМІ
  • «Жаңа тапсырыс» терезесімен жұмыс жасағанда баға форматында Stop Loss және Take Profit мәндерін қондыру қателері жөнделді.
«Индикаторлар» компоненті:
  • сауда аптасының соңында Time Series Forecast индикаторы үшін соңғы мәнді көшіру жөнделді;
  • «Деңгейлер» және «Масштаб» параметрлерінің мәндерінің дәлдігіне байланысты жетілдірулер орындалды.
"График" компоненті:
  • «Көлденең сызық» құралы үшін «Баға» параметрі оңтайландырылды;
  • графикке салған кезде және олардың орындарын өзгерткенде графикалық сараптау құралдарының жұмысы жақсартылды;
  • құралды ауыстырғанда және сауда шотын өзгерткенде графиктегі бағамдардың дұрыс көрсетілуіне ықпал ететін жетілдірулер жасалды.
«САУДА ЕСЕПТЕРІ» БӨЛІМІ

«iPA сауда сапасы» компоненті:
  • есептерді көрсету параметрлерін өзгерткенде көрсеткіштердің мәндері қайта есептеу рәсімі оңтайландырылды (мерзімдер мен валюталық жұптар).
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ ӘЗІРЛЕУ» БӨЛІМІ

"Кодты өзгерту" компоненті:
  • protected DateTime Time { get { return DataProvider.TimeProvider.GetClientTime(); }} сервер уақытын сұрау функциясы жетілдірілді. Уақыт мәнін алған кезде, ол UTC форматына ауысады.
«СТРАТЕГИЯЛАРДЫ СЫНАУ» БӨЛІМІ
 
ЖАЛПЫ ӨЗГЕРІСТЕР
  • сыналатын стратегия үшін параметрлер жиынтығын қолдану алгоритмі жетілдірілді: сынауды қайта қосқанда стратегия соңғы қолданылған жиынтықпен қосылады;
  • оларды сынауға қосқан кезде Support & Resistance және Fisher Transform Oscillator индикаторларының салынуы жөнделді;
  • Time Series Forecast индикаторымен стратегияларды сынауды қосу кезінде платформаның жұмысы тұрақтандырылды.
«АСС БАСҚАРУ» БӨЛІМІ

"Навигатор" компоненті:
  • жоқ болғандағы «Пайдаланушылар стратегиялары» тақырыпшасының көрсетілуі кетірілді.