Жоғары сапалы қызметтерді ұсыну үшін UBK Markets ең озық технологиялар мен меншікті бірегей шешімдерді, UBK Markets құрамына кіретін холдингтің бас компаниясы — Simcord компаниясы әзірлеген бағдарламалық жасақтамамен жұмыс істеуге негізделіп, қолданады.
Инфрақұрылым. Компанияның негізгі бағыттары: брендті әлем деңгейінде өркендету және қолдау, авторлық құқықтарды әлем деңгейіндегі патенттермен қамтамасыз ету, қаржылық сауаттылық деңгейін көтеру жөніндегі жобаларды жасау, Компанияның инфрақұрылымы мен бизнес-үлгісін нығайту, қызметкерлердің жеке біліктілігін арттыру бойынша тренингтер мен көшпелі семинарларды өткізу, тұрақты презентациялар мен есептер беру, қайырымдылық шаралар.
UBK Markets компаниясы өз Клиенттері мен Серіктестеріне арнап құндылық жасау үшін мынадай ресурстарды іске қосады: халықаралық қаржы ұйымдарымен ынтымақтастық орнату; әлемнің түкпір-түкпірінде Компания өкілдері тарапынан тез тіл табысатын құрылымды қалыптастыру; Клиенттерге қолжетімді және түсінікті меншікті ғылыми бағдарламалық шешімдерді дамыту; Microsoft және Google сияқты компанияларының технологиялары негізінде техникалық инфрақұрылымды құрастыру, осы арқылы құпиялық пен UBK Markets қызметтеріне тәуліктік кепілді қолжетімдікті қамтамасыз ету.
UBK Markets компаниясы төмендегідей ұйымдармен өзара іскерлік қатынастарын үзбейді:
Ұсыныстар. Өз Клиенттеріміз бен Серіктестерімізге ұсынатын құндылықтарымыз: iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасы арқылы әлемдік қаржы нарықтарында ашық сауда-саттық жүргізу; консультациялық және институционалдық қызметтер; активтермен жұмыс істеуге үйрету, меншікті бірегей шешімдер негізінде капиталды басқару технологиялары; жаңа технологияларды жылдам енгізуге мүмкіндік беретін тұйық контурды кешендік түрде шешу; IT-инфрақұрылым, сонымен қатар iPA технологиясы арқылы табыс табу мүмкіндіктері.
Клиенттер. Активтерді басқаратын корпоративті және жекеменшік Клиенттер, жеке трейдерлер, қаржылық талдаушылар, бағдарламалық жасақтамалар мен автоматты сауда стратегияларын әзірлеушілер біздің өнімдер мен қызметтердің мақсатты аудиториясының сегменттері болып табылады.
Әлеуетті Клиенттерге Компанияның өнімдері мен қызметтері туралы ақпарат беру үшін маркетингілік стратегия, корпоративтік және серіктестік web-сайттардың дамыған желісі, жарнама науқандары, баспасөз үйлері, халықаралық серіктестік желісі, халықаралық көрмелерге қатысу және арнайы мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру тәсілдері қолданылады.
UBK Markets компаниясының өз Клиенттерімен және Серіктестерімен қарым-қатынасы ашық, әділ және құжат арқылы рәсімделген, сонымен қатар заң тұрғысынан құрылып, моральдық-этикалық нормаларға сәйкес орнатылады. Компания сенімгерлік қатынастарды бағалайды және кез келген даулы жағдайларды әділдікпен шешіп, әрбір Клиент үшін адал көзқарасын білдіреді.
Қаржылар. Компания өнімдер мен қызметтерді жарнамалауды, кеңселік инфрақұрылымды жүргізу және дамытуды, бағдарламалық жасақтаманы әзірлеуді, клиенттік профильдерді жүргізуді, қызметкерлердің кәсіби деңгейін көтеру және халықаралық біліктілікке қол жеткізуді қаржыландырады; халықтың қаржылық сауаттылығын жетілдіреді, қайырымдылық шараларды іске асырады.
Компанияның кіріс көздері: Клиенттердің сауда операцияларынан түскен комиссия, сауда сигналдарын сату, консультациялық және институционалдық қызметтер, жеке және корпоративті Клиенттер үшін сараптамалық қорытындылар, қаржы нарықтарында сауда жасауды үйрету, сонымен қатар Компанияның мықты және тұрақты құрылымын қалыптастыратын бірқатар қосымша қызметтер.