Тіркелу

Тарих.

Компания тарихы 2002 жылы басталды.

Ол кезде біздің алдымызда валюта және қор нарықтарының ахуалы мен олардың даму мүмкіндіктерін зерттеу мақсаты тұрған. Бұл үшін 2002 мен 2004 жылдар аралығында өте көп зерттеулер мен тәжірибелер
жүргізілді, сол зерттеулердің нәтижесі Simcord компаниясын құруға және компанияның
жалпы стратегиясын қалыптастыруға негіз болды.

2004 жылдың соңында арнайы ұйымдастырылған мамандар тобы валюта және қор нарықтарының мәліметтерін саралауға арналған бағдарламалық жасақтамаларды әзірледі, алынған мәліметтерді әрі қарай сауда стратегияларында пайдаландық.

Осы уақыт аралығында iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасын құрастыру басталды, оның ерекшелігі сауда стратегияларын құрудың мүлде жаңа жүйесін және экономикалық деректер массивтерін саралайтын түрлі әдістерді біріктіру болды. Ал ол- тұтастай әлемдегі қаржы нарықтарында табысты сауда-саттық жасаудың мықты негізін құрайды.

2005 жылдың басында, біз, нақты уақыт ішінде сауда стратегияларын бағалайтын арнайы алгоритмдерді жасауға кірістік. Бұл зерттеулердің мақсаты трейдердің немесе трейдер өз басқаруындағы капиталмен жұмыс жасау барысында қолданатын автоматты сауда жүйесінің жұмыс сапасын бағалау болды. Зерттеулер барысында алынған барлық нәтижелер, iPro Marketplace платформасы негізінде қолжетімді, баламасы жоқ iPA (Intelligent Processing Algorithms) бірегей технологиясын жасау кезінде қолданылды.

Осы жылы Simcord компаниясының тағы да екі маңызды бағыттары айқындалды: толқынды және спектральді сараптама әдістемелерін әзірлеу. Осынау құрылымы мен тәсілі бойынша мүлдем басқа екі сараптама, нарық заңдылықтарын зерттеудің мүлдем жаңа әдісін ашты және алынған мәліметтерді іс жүзінде қолдану кезінде сауда сапасын әлдеқайда жетілдіре түсті.

2006 жылы сараптау жүйелері жұмысының өте маңызды нәтижелері алынды. Жасалған бірнеше тәжірибелерде алынған статистикалық мәліметтер, Gelan Trawler сауда жүйесінің математикалық үлгісін құру негізіне айналды.

2007 жылы, Gelan Trawler сауда жүйесі негізінде жасалған бірнеше сәтті тәжірибелерден кейін, оның коммерциялық нұсқасын жасау жұмыстарын бастау жөнінде шешім қабылданды. Gelan Trawler жүйесін коммерциялық іске қосу күні 09.09.2009 жылға жоспарланды.

2009–2011 жылдары Gelan Trawler жобасы халықаралық көрмелерге қатысты. 2010 жылы біз енді үш жобаны ұсындық: FxMarketWave толқындық сараптау платформасы, ақпараттық портал және Gelan Trawler сауда жүйесінің жаңа нұсқалары.

Дами келе, біз, алға одан да жаңа әрі күрделі мәселелерді қойып отырдық. Біздің Серіктестер мен Клиенттерге ақпараттық қолдау көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында аймақаралық өкілдіктер ашылды.

Капиталды басқару саласында көрсетілетін қызметтер түрі мен спектрлерін ұлғайту мақсатымен, 2010 жылы Simcord компаниясының басшылығы UBK Markets халықаралық брокерлік компаниясын ашу туралы шешім қабылдап, 2011 жылы аталмыш компания ашылды.