Тіркелу

ECN-стандарты
негізінде сауда жасау артықшылықтары.

ECN (Electronic Communications Network) — сауда валюта операцияларын делдалдардың қатысуынсыз тікелей іске асыру мақсатында алдыңғы қатарлы қаржы ұйымдары мен жекеменшік трейдерлерді біріктіретін сауда жүйесі.

ECN-жүйесінің қолжетімділігі шағын қаржысы бар жеке тұлғаларға әлемдік
қаржы нарығының бөлшегіне айналуға мүмкіндік берді.

ECN-жүйенің кез келген қатысушысы жеке немесе клиенттерінің мүддесіне қарай, өзінің сату немесе сатып алу бағасын тағайындай алады. Барлық сауда өтінімдері бірыңғай базаға келіп түседі. Бұдан кейін жүйе параметрлері сәйкес келген өтінімдерді тауып (валюталық жұп, ақша көлемі және баға), автоматты түрде осындай мәмілелер жасайды.

ECN-стандарты негізіндегі Forex-саудасы трейдерлер арасында өте танымал болды, өйткені жүйеге келіп түсетін әр өтінімнің әрдайым сатып алушысы мен сатушысы бар, бұл өз кезегінде, трейдер үшін сауда операцияларын ең тиімді бағамен жасауға мүмкіндік береді.

ECN-технологиясы арқасында жеке трейдерлер халықаралық валюта нарығының өзге қатысушыларымен сауда операцияларын жүзеге асырып, ірі қаржы ұйымдарымен мәміле жасаса алады.

Электрондық коммуникациялық желінің басты қатысышулары мыналар:

Валюта нарығында сауда операцияларының негізгі көлемін іске асыратын Коммерциялық банкілер.

Өз мемлекеттерінің аумағында валюталық реттеуді іске асыратын Орталық банктер.

Өз клиенттеріне халықаралық валюта нарығының қатысушысы болуына мүмкіндік беретін ECN-брокерлері.

Табысы басқа елдердің валюта бағамына тәуелді Импорттаушы және экспорттаушы компаниялар.

Өз клиенттерінің активтерімен жұмыс істеу үшін сауда операцияларын бүкіл әлем бойынша жасайтын Инвестициялық қорлар.

Коммерциялық банктер және брокерлік компаниялар арқылы конверсиялық операцияларды іске асыратын Халықаралық корпорациялар.

Негізінен айырбастау бағамының айырмасынан пайда табу мақсатымен сауда операцияларын іске асыратын Жеке тұлғалар.

ECN электрондық коммуникациялық желісі бүкіл әлемдегі валюта нарығының қатысушыларын біріктіреді, сауда операцияларын кез келген көлемде іске асыруға, барлық қаржы саласының тұтастай өтімділігін біршама ұлғайтуға мүмкіндік береді.