Біз алдыңғы жаңалық шолуларында хабарлағандай Компанияның өнімдері мен қызметтерін жақсарту мақсатында Клиенттер мен Серіктестердің пікірлері мен біз жинаған нәтижелер негізінде жоспарланған жаңартулар болады.
Біз бүгін біздің мамандар сапа мен серверлер жұмысының тұрақтылығын жақсарту жұмыстарын жүргізгенін хабарлаймыз. Өз кезегінде, бұл кейінге қалдырылған ордерлердің жұмысының дәлдігі мен барлық шоттар түрлерінің сауда есептерін жасау жылдамдығын жақсартуға мүмкіндік берді. Біздің клиенттердің «iPA-Инвестор» шотымен тұрақты жұмысына қол жеткізілгенін және Қоржындар Long List ақпараттарының дұрыс емес көрсетілгені жөнделгенін бөлек айту керек. Бұрын айтылғандай, Long List iPA-Басқарушыларының сұрыптау және фильтрлеу құралдары толықтай қолдануға 11.02.2017ж. қол жетімді болады.
Сондай-ақ, жақын арада әр Қоржынның сауда нәтижелері (алынған пайда) қазіргідей пунктермен емес, ақшамен ұсынылатын болады. Бұл жаңарту iPA-Инвесторларға сауда сигналдарын көшіру үшін Қоржын таңдағанда нақты алынған пайданы және Қоржын Менеджері басқаратын ақшалай қаражаттардың сомасын көруге мүмкіндіп беріп, яғни олардың әрбір Қоржынға сенімділігіне жағымды әсер етеді.
Бұрынғыдай, Клиенттер мен Серіктестерге ең ыңғайлы жұмыс істеу үшін ең қолайлы және тиімді шарттарды қамтамасыз етуге және олардың жоғары көрсеткіштерге қол жеткізу үшін біздің қызметтерді жетілдіруге Компания міндеттенеді.
2017 жылдың басынан бастап ұзақ уақыт өткен жоқ, бірақ бүгін біз жаңа функционалдық мүмкіндік туралы хабарлауға дайынбыз — Қоржындар Long List жариялану ашылды.
2017 жылдың 28 қаңтарынан бастап әрбір iPA-Инвестор өзінің қоржынын жариялай алады, сондықтан Қоржындар Менеджері мәртебесін ала алады.
Көп ұзамай жеке ақшалай қаражаттарын басқаруға орналастырған, Клиенттің шотына Қоржынның сауда сигналдарын көшіруге мүмкіндік беретін, қажетті процестер түзетілетін болады. Осылайша, Компанияның пайда алуға қызығушылығы бар клиенттері кез-келген жарияланған Қоржынды таңдап, оны өзінің капиталымен толтыра алады.
Қоржынның Long List сауда нәтижелері неғұрлым жоғары болса, соғұрлым көп Клиенттер оның тиімділігіне назар аударып және осы Қоржынды өздерінің қаржылық қызығушылықтары негізінде таңдайды. Сонымен, Қоржындар Менеджерінің өзі тек өзінің орнын айтарлықтай жоғарылатып және Компанияның Науқанын жеңуге жақындай қоймай, сонымен қатар өзінің табысын жақсартып оны ұлғайтады. Long List жарияланудың өзі Науқанға қатысуға кепілдік береді.
Сондай-ақ Компанияның келесі қызметтерін пайдалануда болған өзгерістер туралы хабарлаймыз:
04.02.2017 ж. жоспарланған iPA-Басқарушылар Long List жаңартылуы болатынына назар аударамыз. Ең үздік және тұрақты Басқарушыларды ең ыңғайлы іздеу/таңдау әдістері қосылады — дұрыс қаржы шешімін қабылдауға жалпы көмегін тигізетін әртүрлі фильтрлер және сұрыптау қағидалары.
Сапаны жақсарту, тиімділік мен ыңғайлылықты арттыруға бағытталған жаңа мүмкіндіктер мен Компанияның жаңартылған қызметтері біздің Клиенттердің қаржылық жағдайын нығайтуға және табысқа қол жеткізуге көмектеседі деген сенімдеміз.
Бүгін, 16 қаңтар 2017 жылы, 00:00:01-де, ең нәтижелі қоржындардың иелеріне таңдауға сыйлықтар таңдауға берілетін — iPhone 7 Plus, Samsung Galaxy 7 және Lenovo Yoga, Компанияның iPA-Инвесторлар үшін өткізетін Науқаны басталды.
iPA-Инвестор өзінің Қоржынын жариялаған сәттен бастап Қоржындар Менеджері статусын алады және Науқанның толық құқылы қатысушысы болатына назар аударамыз. Қоржындарды жариялау 28 қаңтар 2017 жылдан бастап қол жетімді болатынын хабарлаймыз, бірақ қазірдің өзінде әрбір iPA-Инвесторға Компанияның Науқанының ең басты шарттарының бірін орындау мүмкіндігі берілді — бұл пайданы алу және ұлғайту. Яғни, жарияланудың басталуымен ең пайдалы Қоржындар лайықты жоғары орындарды алуы үшін қазірдің өзінде iPA-Басқарушылардың ең тиімді сауда стратегияларын таңдап оларды Өзіңіздің Қоржыныңызға салуға болады.
Өткізу шарттарына сәйкес ең жоғары нәтижелер болған Қоржындар — Компанияның Науқанында жеңуге үміткерлер екенін еске саламыз.
Ең үздік Қоржындардың әрбір Менеджері әлемнің кез-келген нүктесінде өзінің әмбебап құралын таңдау үшін біздің жеңімпаздарымызды күтеміз. Компанияның Науқанының барлық қатысушыларына тек жоғары пайдалы Қоржындарды тілейміз!
Жаңа жыл мерекелері қарсаңында біздің Клиенттер мен Серіктестерді шын жүректен келе жатқан Жаңа Жылмен құттықтаймыз және уақтылы дұрыс шешімдер қабылдауды, жаңа сәтті жетістіктер мен қаржы нарығында тұрақты жоғары пайда тілейміз!
2016 жылды шығарып сала отырып, ол бізге ерекше өнімді және жүйені жалпы жаңарту, өнімдерді жасау, iPro Marketplace info мен UBK Markets info жаңа ақпаратты-анықтамалық қызметтерін қосу жағынан рекордты болды деп айытқымыз келеді. Себебі осы жылы Компания UBK Markets ресми сайтының шынайы эволюциялық жетілдірілуін бастап іске асырды, бизнес-модельді, ағымдағы өнімдер мен қызметтерді, соның ішінде iPro Marketplace сауда-сараптамалық платформасын жақсартты.
Барлық біздің жаңартулар мен жобалар әрқашанда Біздің инновациялық өнімдерді өздерінің қызметінде өз табысын көтеруге қолдануға ұсына отырып, Біздің Серіктестер мен Клиенттерге жоғары санатты қаржы қызметтерін ұсынуға бағытталған және бағытталады.
16 қаңтар 2017 жылы «Қоржындар» жаңа өнімі мен «Қоржындар Менеджері» қызметімен қатар арнайы Компанияның Науқаны басталады, оның қатысушылары бағалы сыйлықтардың бақытты иегерлері бола алады. Біз ең жақсы нәтижелер көрсеткен Қоржындар Менеджерлеріне 10 жүлделі орындарды дайындадық. Осылайша, өз жұмысыңыз үшін Компаниядан ультразаманауи құралды сыйға алу — бұл Науқанның әрбір қатысушы үшін нақты мүмкіндік. Өзіңіздің сыйлығыңызды Сіз таңдай ала алатыңызға назар аударыңыз!
Компанияның мамандары Жүйенің жұмысының алынған нәтижелерін сараптау бойынша зерттеулер жүргізгені туралы хабарлаймыз. Бұл зерттеулер iPA-Басқарушылар Long List саралау қағидаларын қайта қарауға себепші болды. Бұрын Басқарушылар сауда стратегиялары «Табыстылық» көрсеткіші бойынша азаю тәртібінде жарияланатын еді. Біздің зерттеулер мен тәжірибе көрсеткендей, табыстылықтан басқа, оны алу сапасы да маңызды болады, дәлірек айтқанда — тұрақтылық. Осыған байланысты, алынған пайдалылықтың сапасы мен табыстылықтың көлемінің ара қатынасын есепке алынып Long List қайта құрылды.
24.12.2016 ж. бастап Long List сауда стратегияларын саралау қағидасы пайданы алу сапасы тұрақтылығының жалпы табыстылыққа қатынасының көрсеткішінің азаюына негізделеді.
Long List құру қағидаларын түзеті мыналарға мүмкіндік береді:
Осылайша, Компания өз зерттеулерін жалғастыруда және жақын арада iPA-Басқарушылардың сауда нәтижелерімен жұмыс жасаудың оңтайлы моделін іздеуге бағытталған жаңартуларды енгізуді жоспарлап отыр.